09.08.2012, 11:50 3185

Қазақстандықтардың басым бөлігі өз аймағындағы ауруханаларды таңдайды

Бұл туралы бүгін аталмыш Бюро жұмысының жарты жылдағы қорытындысына арналып өткен брифинг барысында Республикалық ауруханаға жатқызу бюросының бастығы Анар Құсайынова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтардың басым бөлігі өз аймағындағы ауруханаларды таңдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін аталмыш Бюро жұмысының жарты жылдағы қорытындысына арналып өткен брифинг барысында Республикалық ауруханаға жатқызу бюросының бастығы Анар Құсайынова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, портал қызметін пайдаланушылардың басым бөлігі стационар таңдау еркінідігіне келгенде өз өңірлеріне қарасты ауруханаларда жатқан жөн деп санайды екен.

"Статистика бойынша, портал қызметін пайдаланған қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни 85,1 пайызы өз аймағындағы клиникаларды таңдаған. Ал науқастардың 13,4 пайызы республикалық деңгейдегі клиникаларды таңдап отыр", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Республикалық ауруханаға жатқызу бюросы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Науқастар www. bg.eisz.kz порталынан стационарлардағы бос төсек орындарын қарап, өзінің кезегін бақылай алады.

сайта BNews.kz "www.bnews.kz".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны