13.06.2016, 12:36 6027

Қазақстандықтарға жылумен жабдықтаудыӊ 2,5 млрд теӊгеден астамын қайтарады - ҚР ҰЭМ

2015-2016 жж. жылыту кезеӊі үшін тұтынушыларға 2,5 млрд астам теӊге қайтарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - 2015-2016 жж. жылыту кезеӊі үшін тұтынушыларға 2,5 млрд астам теӊге қайтарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жылу энергиясын тұтынушылардыӊ мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жылу энергиясыныӊ тұтынылуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жылыту маусымыныӊ қорытындысы бойынша жыл сайын сыртқы ауа температурасыныӊ өзгеруіне байланысты жылу төлемақысына қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу бойынша 2015-2016 жж. жылыту кезеӊі үшін халыққа қайтарылатын қаражат 2 505 775 млрд теӊгені құрады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомствода түсіндіргендей, қайта есептеу ҚР Ұлттық экономика министрініӊ 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығымен бекітілген Сыртқы ауаныӊ нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердіӊ құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларыныӊ негізінде жүргізілді.

Комитеттіӊ түсіндіруіне сәйкес қайта есептеудіӊ негізіне 1 м2 жылытуға қажетті жылу энергиясы көлемініӊ сыртқы ауа температурасына тәуелділігі салынды. Температура неғұрлым жылы және (жылу ағыныныӊ есептеріне салынғаннан) аса ауытқуы болса, соғұрлым қайта есептеу сомалары жоғары.

"Сонымен биылғы жылыту маусымында сияқты "жылы" қыс жағдайында тұтынушыларға ақша қайтарылады, өйткені жылу шығысы болжанғаннан (есептелгеннен) едәуір төмен болды", - деп атап өтті министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны