11.11.2011, 12:33 3997

Қазақстанға Австралиядан асыл тұқымды мал жеткізілді - баспасөз қызметі

"Абердин Ангус" тұқымының сиырларын Қостанай облысындағы "Север-Агро Н" ЖШС лизингке сатып алған. "ҚазАгроФинанс" Қазақстанда асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылысы мен реконструкциясын қарастыратын инвестициялық бағыттарды дамыту аясында асыл тұқымды малды сатып алуды қаржыландыруда.

Астанаға Австралиядан 400 бас асыл тұқымды ірі қара мал (ІҚМ) жеткізілді, деп хабарлады "ҚазАгроФинанс"АҚ.

"Абердин Ангус" тұқымының сиырларын Қостанай облысындағы "Север-Агро Н" ЖШС лизингке сатып алған. "ҚазАгроФинанс" Қазақстанда асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылысы мен реконструкциясын қарастыратын инвестициялық бағыттарды дамыту аясында асыл тұқымды малды сатып алуды қаржыландыруда.

Осы күні Алматы әуежайына Австралиядан 222 бас асыл тұқымды ІҚМ жеткізілді. "Абердин Ангус" пен "Герефорд" тұқымдарының сиырлары мен бұқаларын оңтүстікқазақстандық "Ақсанат Инжиниринг" ЖШС сатып алған. Екінші партиясы қарашаның ортасында жеткізіледі. "ҚазАгроФинанс" жобаны 300 млн теңгеден астам қаржымен қаржыландырды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның АӨК алдында мал шаруашылығын дамыту мен асыл тұқымды мал басын көбейту міндеті тұр.

"ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын жүзеге асыру аясында 2011 жылы "ҚазАгроФинанс" 7 мың бастан аса ІҚМ әкелуді жоспарлап отыр. Жалпы, бүгінгі күні компания мүдделі шаруашылықтар мен кгроқұрылымдарынан түскен 24 жобаны мақұлдады, оларға сәйкес, 2011-2012 жылдары асыл тұқымды ІҚМ-ның тағы 9 мың басын сатып алу жоспарланған.

Асыл тұқымды мал басын сатып алуға өтініштер көп түскен аймақтар: Ақмола облысы - 1617 бас, Алматы облысы - 2029 бас, Павлодар облысы - 1585 бас, Қостанай облысы - 1560 бас. Өтініштерді қабылдау мен перспективалық жобаларды іріктеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны