08.11.2010, 14:38 4066

Қазақстанға импортталатын тауық етінің көлемі жыл санап азаюда - Күрішбаев

Қазақстанға импортталатын тауық етінің көлемі жыл санап азаюда. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. - 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанға импортталатын тауық етінің көлемі жыл санап азаюда. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сырттан әкелінетін тауық сандары жыл санап азаюда. Біз бұрындары шетелден, соның ішінде АҚШ-тан 140 мың тонна құс етін кіргізетінбіз. Өткен жылы 89 мың тонна құс еті кіргізілген",- деді А. Күрішбаев.

"Біздің отандық өндірісіміз дамып келе жатыр. Біз бұрындары еліміздің қажеттілігінің 70 пайызын импорттайтынбыз. Өткен жылы 58 п айыздық деңгейге көтерілдік. Үстіміздегі жылы, менің пайымдауымша, 50 пайыздық деңгейге шығамыз",- деп атап өтті ол.

"Егер құс фабрикалары дәл осындай қарқынмен салынатын болса, 2014-2015 жылдары біз құс етінің тек 30 пайызын ғана сырттан әкеліп, 70 пайызын өзіміз өндіретін боламыз",- деп қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны