25.04.2013, 12:47 18129

Қазақстанға Қытай арқылы Тынық мұхитына жол ашылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай Тынық мұхитына шығу мүмкіндігіне қатысты келісімге келді. Бұл туралы бүгін ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанға Қытай арқылы Тынық мұхитына жол ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай Тынық мұхитына шығу мүмкіндігіне қатысты келісімге келді. Бұл туралы бүгін ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

"Жақында мен Қытайға ресми сапармен барып, біз елімізге Тынық мұхитындағы айлаққа шығу жолы берілуіне қатысты келісімге келдік. Қазақстан мен ҚХР екі әлеуетті теміржол магистралімен, 7 автомобиль жолымен байланысқан. Егер де Тынық мұхитынан келетін жүк бұл бағытпен Еуропаға өтетін болса, тасымал жолының ұзақтығы 3,5 есеге қысқармақ", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған бағыттың оңтүстік теңіздер арқылы өтетін жолға қарағанда тиімділігі зор екенін тілге тиек етті.

"Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері бүгініг күні әлемнен тыс жабық күйінде қалмай, барлық мемлекеттермен белсенді түрде ынтымақтастық жүргізіп жатыр", - деп түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны