11.10.2018, 13:58 5036

Қазақстанға "Сыбаға" бағдарламасымен асыл тұқымды сиырлардыӊ алғашқы партиясы әкелінді

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелер 70 млн. теӊгеге дейін мөлшерде, төменгі пайыздық үстемемен, 15 жылға дейін мерзімге беріледі. Мемлекет тарапынан үстемені 14-тен 4 пайызға дейін төмендету, сондай-ақ шетелден сатып алынған малдыӊ құнын төмендету үшін субсидиялар қарастырылған.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Жаӊартылған "Сыбаға" бағдарламасымен Қазақстанға асыл тұқымды малдыӊ алғашқы партиясы жеткізілді. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ жеӊілдетілген несиесін алған "Қызылшоқы" шаруа қожалығы сиырларды Пермь аумағынан сатып алды. Герефорд тұқымды 75 мал басы Ақтөбе облысы Байғанин ауданына әкелінді.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" биыл фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған "Сыбаға" бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Несиелік қаражат ет бағытындағы тұқымды малды сатып алуға жұмсалады. Болашақта бұл табынныӊ өнімділігін арттыруға өз әсерін тигізеді деп күтілуде.

Ринат Ерғалиев, "Қызылшоқы" шаруа қожалығыныӊ басшысы:

- Біз Қордыӊ несиесін бірінші рет 2016 жылы алдық. Ол кезде "Игілік" бағдарламасы бойынша 30 бас ірі қара мал сатып алғанбыз. Жеӊілдетілген несиелеудіӊ артықшылықтарына сол кезде көзіміз жетті: мөлшерлемесі төмен, мерзімі ұзақ, кепілдікке қойылатын талаптар ыӊғайлы.

Шаруашылықтыӊ қажетті құрылымы мен жайылым жерлерініӊ болуы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берді. Биыл Қор "Кызылшоқы" шаруа қожалығыныӊ қаржыландыруға тағы бір өтінімін мақұлдап, несиелеу туралы оӊ шешімін шығарды. Осылай, шаруашылық Ресей Федерациясыныӊ Пермь аймағынан тұқымды сиырларды сатып әкелді.

Ринат Ерғалиев, "Қызылшоқы" шаруа қожалығыныӊ басшысы:

- 40 миллион теӊгеге асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алдық. Тұқымды малды ұстау әлдеқайда пайдалы: ол аз уақыттыӊ ішінде салмақ жинап, табысқа тезірек әкеледі. Бүгінгі күні сиырлар карантиннен өтіп, жайылымға шықты.

Импортталған жануарлардан алынған жас мал аймақтағы мал бордақылау алаӊдарына тапсырылады. Ал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар, өз кезегінде, қазақстандық еттіӊ тауарлы партияларын шетелге шығарады. Осындай бағдарламалар шаруаларға ірі қара мал етінэкспорттық жүйсіне қатысуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысыныӊ аграрлық салада еӊбек өнімділігі мен қайта өӊделген ауылшаруашылықөнімдерді экспортқа бағыттау көлемін 2,5 есе арттыру бойынша қойылған мақсаттарыосындай шаралар арқылы орындалуда.

Гүлжанат Ерғазина, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Ақтөбе филиалыныӊ директоры:

- "Сыбаға" бағдарламасыныӊ негізгі мақсаты - фермерлік шаруашылықтарды қолдау және ет бағытындағы малды көбейтуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, бағдарлама шарттарымен ірі қара малды шетелден сатып алу қарастырылған. Бүгінгі күні 37 ақтөбелік шаруашылық бізден 1600 бас ірі қара мал сатып алуға қаржы алды.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелер 70 млн. теӊгеге дейін мөлшерде, төменгі пайыздық үстемемен, 15 жылға дейін мерзімге беріледі. Мемлекет тарапынан үстемені 14-тен 4 пайызға дейін төмендету, сондай-ақ шетелден сатып алынған малдыӊ құнын төмендету үшін субсидиялар қарастырылған.

Шаруалар асыл тұқымды малмен қатар қажетті құрал-жабдықтарды сатып ала алады, сондай-ақ ағымдағы қажеттіліктерге айналым қаражатын толықтыра алады.

Бүгінгі таӊда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры"АҚ "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 9,4 млрд. теӊгеге 447 шаруашылықты қаржыландырды. Несие қаражаты есебінен 55,7 мыӊ бас сатып алынып, 623 адам жұмыспен қамтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны