25.05.2016, 12:52 5451

Қазақстанға жерді нақты жұмыс істейтін активке айналдыру қажет - Б.Сұлтанов

Қазақстанға жерді нақты жұмыс істейтін активке айналдыру қажет, деп мәлімдеді бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы "Гипержаһандану дәуірініӊ соӊы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаӊа жағдайлар" сессиясы барысында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанға жерді нақты жұмыс істейтін активке айналдыру қажет, деп мәлімдеді бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы "Гипержаһандану дәуірініӊ соӊы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаӊа жағдайлар" сессиясы барысында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан жер көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр. Оған қоса, Ресей сияқты үлкен нарықтыӊ жанында орналасқаннан кейін Қытай мен Үндістан сияқты көтеріліп келе жатқан нарықтарға шығуға мүмкіндік болғаннан кейін азық-түлік өнімдерініӊ ірі тасымалдаушысына айналуға әбден болады. Ол үшін жерді нақты жұмыс істейтін активке айналдыру қажет", - деді Б.Сұлтанов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол аталған мәселе бойынша ақпаратты уақытылы дұрыс бермеуі салдары "нақты нәтижелерді дұрыс түсінбеуге алып келгенін" айтты.

"Алайда. ақпаратты дұрыс бермеуі, ол ақпаратты уақытында бермеуі салдарынан нақты нәтижелерді дұрыс түсінбеу жағдайлары болып жатады. Ондай мысалдар бізде бар", - деп мәлімдеді министр.

Естеріӊізге салсақ, бүгін елордада IX Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. АЭФ-2016 басты тақырыбы "Жаӊа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар жәні білім экономикасы".

Форумда саясаткерлер, ірі қаржы құрылымдарыныӊ басшылары, халықаралық ұйым басшылары, әлемді мойындатқан сараптық қауымдастық өкілдері, ғалымдар бас қосты. Биылғы жылдыӊ айтулы қонақтарыныӊ ішінде түрлі салалардағы Нобель сыйлығыныӊ лауреаттары бар.

Форумныӊ мақсаты әлемдік сарапшы-экономисттер Орталық Азия өӊірінен бөлеу, сондай-ақ барлық әлем кеӊістігінде экономикалық даму мәселесін талқылай алатын бейтарап халықаралық тұғырнаманы қалыптастыру.

Биыл АЭФ-2016 Қазақстан астанасында екі күн, 25-26 мамырда өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны