14.12.2012, 15:28 3030

Қазақстанға жобаларының ортақ қоржыны 590 млн доллар тұратын 16 шетелдік инвестор тартылған

Олардың ортақ жобалар қоржыны біздің экономикамызда 590 млн долларға бағаланады, деп хабарлады Ұлттық агенттігі басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Карманов.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Биылғы жылдың басынан бастап Экспорт және инвестициялар жөніндегі Kaznex Invest ұлттық агенттігінің ықпал етуімен Қазақстанға 16 ірі шетелдік инвестор тартылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Олардың ортақ жобалар қоржыны біздің экономикамызда 590 млн долларға бағаланады, деп хабарлады Ұлттық агенттігі басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Карманов.

"2012 жылы Агенттік жобалары перспективада 590 млн АҚШ долларына бағаланатын16 шетелдік инвесторды тартуға ықпал етті", - дедіҚ. Карманов.

Олардың қатарында Франция, Германия, Түркия, Австрия және АҚШ-тың қатысуымен ауыл шаруашылығы техникасын, техникалық газ, құрылыс қоспаларын, дәрілік заттар, сенсорлық технология өндіру жөніндегі жобалар бар.

Бұдан басқа, анағұрлым ірі келісімдер толық циклды фармацевтика зауытын, металл конструкцияларын ыстық мырышпен қаптау зауытын, әскери және азаматтық мақсаттағы жеңіл моторлы ұшақтарды құрастыру зауытын салуды көздейді.

Агенттік басшысы орынбасарының ақпарына қарағанда, жұмыс істей бастаған 2 жыл ішінде 38 халықаралық форум өткізіліп, 16 млрд АҚШ доллары сомасындағы 275 меморандум мен мәмілелер жасалған.

Экспорт және инвестициялар жөніндегі Kaznex Invest ұлттық агенттігі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымына кіреді және өз жұмысын Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде іске асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны