07.02.2014, 18:49 5590

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "жасыл дәліз" арқылы 7,2 млн доллар көкөніс тасымалданды

Жобаны егжей-тегжейлі іске асыру 2013 жылғы желтоқсанның басында Пекин қаласына қазақстан делегациясының ресми сапарының шеңберінде Қазақстан мен ҚХР кеден қызметтінің басшылары талқылады және келісті.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан-қытай шекарасындағы (Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы) "Бақты" және (Қытай Халық Республикасы) "Покиту" өткізу пункттері іске қосылған сәттен бастап 7 млн. 238 мың АҚШ доллары сомасындағы жалпы салмағы 6,9 мың тонна көкөніс және жеміс-жидек өтті.

Жобаны егжей-тегжейлі іске асыру 2013 жылғы желтоқсанның басында Пекин қаласына қазақстан делегациясының ресми сапарының шеңберінде Қазақстан мен ҚХР кеден қызметтінің басшылары талқылады және келісті.

"Қазіргі уақытта "Бақты" өткізу пунктінде кедендік операцияны жүргізудің орташа уақыты 51,6 минутты құрайды. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес өткізу пукттерінде 2014 жылға кедендік операцияларды жүргізу 75 минут", - деп Кедендік бақылау комитетінен хабарлады.

ҚХР-дан "Бақты" өткізу пункті арқылы өткізілетін өнімдердің негізгі көлемін 27 % мандарин, 18% томат, 13,7% алма, 12,5% қияр және 4,6% бұрыш құрайды.

Сондай-ақ, жеміс-жидек өнімдерін жылдам өткізуді енгізу осы өткізу пункттерінде олардың үлкен көлемде өтуін ескере отырып жүргізілді, алайда кеден қызметінің жеміс-жидек өнімдерін бақылаусыз өткізу ниеті жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны