28.05.2008, 18:54 3160

Қазақстаннан тасымалданатын ұнның тоқталуымен байланысты Өзбекстан нан жетіспеушілігіне ұшырады

Қазақстаннан тасымалданатын ұнның тоқталуымен байланысты Өзбекстан нан жетіспеушілігіне ұшырады

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ташкент пен Өзбекстанның бірқатар облыс орталықтарының тұрғындары тағы да халыққа 0,2 АҚШ долларын құрайтын бағамен сатылатын әлеуметтік нанның жетіспеушілігіне ұшырады. Дүкендерге аса шектеулі көлемде осы нанды жеткізетін жекеменшік наубайханалардың қожайындары Қазақстаннан әкелінетін ұнның тоқталғанына сілтеме жасауда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Uzmetronom" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

700 - 1000 сум ($0,5 - 0,8) аралығында тұрған жеткілікті сападағы нан өндірісі де қысқарған. Оның да себебі бір - Қазақстаннан астық пен ұн экспортының тоқталуы.

Ұлттық тандыр нанды пісіруге маманданған кішігірім жекеменшік наубайханаларға әзірге әр түн сайын шекара арқылы КамАЗдармен Қазақстан ұнын тасып тұрған контрабандашылар көмектесуде. Қазақстаннан Өзбекстанның үлкен жүк сыйымдылығы бар көліктеріне ұн тиеу бақылау-өткізу пункттерінен алыс емес жерлерде өтетініне қарағанда екі мемлекеттің де шекарашылары мен кеденшілері өзбек азаматтарын бірінші қажеттіліктегі тауармен қамтамасыз етуге мүдделі болып отырғанға ұқсайды.

Өзбекстанның экономика және мемлекеттік статистика комитеті министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы осы елдің егіс алқаптарының иелері астықтың рекордтық түсімін - 6 млн 250 мың тонна астық жинаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны