12.02.2010, 15:13 3209

Қазақстаннан жеке тұлғалар 2009 жылы шетелдерге 1 млрд астам доллар жіберді - газет

Қазақстаннан жеке тұлғалар 2009 жылы шетелдерге 1 млрд астам доллар жіберді - газет

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстаннан жеке тұлғалар 2009 жылы шетелдерге 1 млрд астам доллар жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Бизнес и Власть" (&)газетіне сілтеме жасап.

Газеттің ақпаратына сәйкес, Қазақстаннан жеке тұлғалардың ең көп ақша аударымын жасайтын бағыты -Қытай болып отыр. "Жеке тұлғалардың ақша аударымы нарығында жалпы құлдырау байқалуда. Дағдарыстың екі жылында Қазақстанға жеке адамдардың жіберген ақша аударымдары шамамен 3 есе, ал Қазақстаннан жіберілгені - 2 есе азайды", - деп жазады газет.

"Атап өтерлігі, Қазақстаннан әдетте жеке тұлғалар шетелдерден алғаннан гөрі 20-30 есе артық ақша жібереді. Жеке тұлғалар көбінесе ақшаны Қытай, Ресей, Түркия, АҚШ пен Германияға жіберуде. Мәселен, 2007 жылдың 9 айында, яғни, экономикалық белсенділік шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде шетелдерге жеке тұлғалар 2 млрд астам доллар жіберді. Оның 70%-ы аталған елдердің бестігіне жіберілді. 2009 жылы аударымдар көлемі қысқарды, бірақ олардың бағыты тұтастай алғанда өзгерген жоқ. Шетелдерге жіберілген 1,1 млрд доллардың 70%-ы тағы да сол жоғарыда аталған елдердің бестігіне жолданды", - делінген мақалада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны