01.06.2009, 13:15 1519

Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі

Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2010 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның - АН-24, ЯК-40, ТУ-134 маркалы 47 ұшағын пайдалануға рұқсат берілмейді, олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келмейді", - деді И. Құсайынов.

Оның хабарлауынша, "өңірлік 10-15 ұшақ сатып алу үшін қажетті инвестиция көлемі 42 млрд теңгеге тең".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны