27.09.2016, 13:25 4352

Қазақстанныӊ 8 облысында несиелік тұрғын үй құрылысына тартылған қаражатты игеру басталмаған - ҚР ҰЭМ

Министрдіӊ айтуынша, биыл несиелік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 млрд теӊге қарастырды, нақты 38,2 млрд теӊгеге облигациялар шығарылды.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев несиелік құрылысқа тартылған қаржыны игеру бойынша жұмыс басталмаған 8 облысты атады.

Министрдіӊ айтуынша, биыл несиелік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 млрд теӊге қарастырды, нақты 38,2 млрд теӊгеге облигациялар шығарылды.

Облигация сомасыныӊ төмендеуін Павлодар (1,6 млрд теӊге), Қостанай (1,2 млрд теӊге), Алматы (558 млн теӊге) және Атырау облыстарыныӊ (69 млн теӊге) әкімдіктері жол берген.

"Бұдан өзге, бүгінде тартылған қаражатты игеру Алматыда 17 нысан бойынша, 11 нысан бойынша ОҚО-да, алты нысаннан - Алматы мен Атырау облысында , төрт нысаннан - БҚО, Маӊғыстау және Павлодар облыстарында, үш нысан бойынша - Қарағанды облысында және екі нысан бойынша ШҚО-да әлі басталмаған", - деп мәлімдеді Қ.Бишімбаев.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ басшысыныӊ баяндамасын сәйкес, ағымдағы жылы жергілікті тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) жүргізу үшін 110,9 млрд теӊге бөлінді. ИКИ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маӊғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр.

Ал қаржыны игерудіӊ төмен көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оӊтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қ. Бишімбаевтыӊ айтуынша, әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соӊына дейін қаржыны толық игерулері керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны