08.11.2010, 14:27 4896

Қазақстанның алдағы бес жылда экспортқа 60 мың тонна ет шығаратын қауқары бар

Қазақстанның алдағы бес жылда экспортқа 60 мың тонна ет шығаратын қауқары бар. Бұл туралы бүгін ҚР парламентінің мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингісінің төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның алдағы бес жылда экспортқа 60 мың тонна ет шығаратын қауқары бар. Бұл туралы бүгін ҚР парламентінің мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингісінің төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның алдағы бес жылда экспортқа 60 тонна, алдағы 10 жылда - 120 мың тонна ет шығаратын қауқары бар",- деді А. Мамытбеков.

"Мысал ретінде айта кетсек, осыдан 20-30 жыл бұрын әлем елдері Аргентина мен Колумбияның еті дегенді білмеген болатын. Олар АҚШ пен Канададан кеме арқылы асыл тұқымды малдар әкелуді бастап, бүгінгі күнде осы нарықтағы көшбасшы орнына шықты. Біз де осылай жасай аламыз",- деп атап көрсетті.

Ол сондай-ақ, "ірі қаралардың беретін өнімін өсіру үшін асыл тұқымды малдар импорттау қажет екендігін" атап көрсетті. "Бірінші кезеңде алдағы бес жылда ең кемінде 70 мың асыл тұқымды мал әкелу қажет",- деді "ҚазАгроның" төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны