02.02.2007, 13:56 2883

Қазақстанның алтынвалюта қоры 2007 жылдың қаңтарында 7,4 пайызға өсті

АЛМАТЫ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанның халықаралық қоры ағымдағы баға бойынша, Ұлттық қордағы қаражатты қосқанда (алдын ала берілген мәлімет бойынша 14 739,8 млн АҚШ долларын) 2007 жылдың қаңтар айында 35 639,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен айға қарағанда 7,4 пайызға өскен. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, Ұлттық банктің ағымдағы баға бойынша таза халықаралық қоры 9,3 пайызға (немесе 1786,2 млн АҚШ доллары) өсті. Бір ай бойына Ұлттық қор активтерін толықтыру операциялары жүргізілгенімен және алтын валюта қорынан қаржы министрлігінің сыртқы қарыздарына қызмет көрсетілгенімен екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасындапғы корреспонденттік есепшоттарындағы қалдықтардың төмендеуі байқалды, орталық банктің ішкі валюта нарығынан валюта сатып алуы және Ұлттық банктегі үкіметтің есепшотына шетел ақшасының аударылуы валюта қорының ұлғаюына ықпал етті.

Нәтижесінде таза валюта қоры 1764,4 млн АҚШ доларына өсті. Алтын түріндегі активтер жүргізілген операциялардың нәтижесінде және әлемдік нарықта алтын бағаның 1,58 пайызға өсуіне байланысты 21,8 млн долларға ұлғайды.

2007 жылдың қараша айында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуі (үкімет есепшотындағы ақшаның ұлғаюы) ақша базасын 7,4 пайызға (немесе 110,5 млрд теңгеге) азайтуға негіз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны