04.12.2006, 18:43 3182

Қазақстанның алтынвалюта қоры қараша айында 7,8% өсті

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның халықаралық қоры ағымдағы баға бойынша , Ұлттық қордағы қаражатты қосқанда (алдын ала мәлімет бойынша 13227,8 млн.$)$28 318,4 млн.құрады, өткен айға қарағанда 7,8% өскен. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, Ұлттық банктің ағымдағы баға бойынша таза халықаралық қоры 6,4%(немесе 903,2 млн.$) өсті. Бір ай бойына Ұлттық қор активтерін толықтыру операциялары жүргізілгенімен және алтын валюта қорынан қаржы министрлігінің сыртқы қарыздарына қызмет көрсетілгенімен екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасындапғы корреспонденттік есепшоттарындағы қалдықтардың төмендеуі байқалды, орталық банктің ішкі валюта нарығынан валюта сатып алуы және Ұлттық банктегі үкіметтің есепшотына шетел ақшасының аударылуы валюта қорының ұлғаюына ықпал етті.

Нәтижесінде таза валюта қоры 735,3млн.$ өсті. Алтын түріндегі активтер жүргізілген операциялардың нәтижесінде және әлемдік нарықта алтын бағаның 6,24% өсуіне байланысты 167,9млн. долларға ұлғайды.

Тұрақты баға бойынша Ұлттық банктің таза халықаралық қоры 5,8%, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 5,6 %, алтын түріндегі активтер 7.8% өскен.

Баспасөз қызметі атап өткендей, 2006 жылдың қараша айында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуі (үкімет есепшотындағы ақшаның ұлғаюы) ақша базасын 0,8% (немесе 9,5 млрд.$)-ке азайтуға негіз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны