16.03.2016, 14:14 4160

Қазақстанныӊ АШМ бұрмаланған өніммен күрес бойынша бірқатар шаралар қолданады - А.Мамытбеков

Қазақстанныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі таяу уақытта ішкі нарықтағы контрафактілік және бұрмаланған өнімдермен күрес бойынша бірқатар шаралар қолдануға ниетті, деп мәлімдеді аграрлық ведомствоныӊ басшысы Асылжан Мамытбеков

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі таяу уақытта ішкі нарықтағы контрафактілік және бұрмаланған өнімдермен күрес бойынша бірқатар шаралар қолдануға ниетті, деп мәлімдеді аграрлық ведомствоныӊ басшысы Асылжан Мамытбеков, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ішкі нарықтағы шетелдік контрафактілік өнімдер бойынша мәселе бар, және біз таяу уақытта азық түлікті техникалық реттеу саласындағы құзіретті органдарды өзгерту және бұрмаланған өнімді анықтау бойынша бірқатар шаралар қолдануды жоспарлап отырмыз. Үкіметке аталған қызметтерді АШМ-не тапсыруға ұсыныс тастадық", - деді ол Қазақстанныӊ ет және ет өӊдеу өнеркәсібініӊ "KazMeat Astana 2016" I-ші Халықаралық форумында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, министрдіӊ айтуынша, елімізде субсидиялау жүйесін реформалау жалғасады.

"Біз бірқатар субсидиялардыӊ тиімсіз екенін көріп отырмыз.(...) Субсидиялау бағдарламасын өзгерту бойынша басты мақсатымыз - оларды барынша тиімді ету. Халықаралық тәжірибені талдай келе, мал шаруашылығы бағытында жоғры нәтижелерге ие болған елдерде мемлекеттік қолдау шаралары негізінен жалпылама сипатқа ие екенін көріп отырмыз. Яғни, ол инфрақұрылымды қолдау, ветеринарлық және фитосанитарлық саулық, экспорттық нарықтардағы қаржыландыру және қолдауды қамтамасыз ету. Осы бағытта жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз", - деді А.Мамытбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны