27.03.2008, 17:38 4683

Қазақстанның астық егетін басты аймақтарындағы ылғал мөлшері қанағаттанарлық деңгейде - Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақстанның астық егетін басты аймақтарындағы ылғал мөлшері қанағаттанарлық деңгейде - Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Көктемгі тұқым себу жұмыстарының алдында Қазақстанның астық егетін басты аймақтарындағы ылғал мөлшері қанағаттанарлық деңгейде. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің алқа отырысында егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. 2007 - 2008 жылдардағы күз-қыс маусымында қалыптасқан жағдайды ескере отырып жасалған "Қазгидромет" РМК мен "ҚазАгроИнновация" АҚ ғылыми-өндірістік орталығының мәліметтеріне сүйенсек, көктемгі тұқым себу науқанының алдында Қазақстан аумағындағы ылғал қоры негізінен тұқым себетін аумақта және оңтүстік-шығыстағы жазықта негізінен қанағаттанарлықтай болады", - деп мәлімдеді А. Буць.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ылғал мөлшері жақсы. Ал республиканың шығысында жер құрғақ болады деп күтіліп отыр", - деп есептейді департамент басшысы.

"Қалған өнімді ылғал қоры мен қысқы жауын-шашын түсімнің іргетасын ғана қалайтынын, ал маусым айындағы жауын-шашын түзетулер енгізетінін ескере отырып, тұқым себетін аумақ құрылымын құрғақшылыққа төзімді сұрыптар жағына қарай ұлғайтқан абзал", - деп есептейді департамент басшысы.

А. Буць ылғал жетіспеген жағдайда ылғалды сақтайтын технологиялардың қолдану аумағын ұлғайту өзекті мәселеге айналатынын атап көрсетті. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы бұл технологияны 7,5 млн гектар аумаққа қолдану жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, А. Буць өңірлерде осы технологияға деген көзқарас әртүрлі екенін атап өтті.

"Егер де 2007 жылы Қостанай облысында ылғал қорын сақтайтын технология астық егілген аумақтың 56 пайызында қолданылса, Солтүстік Қазақстан облысында - 31%, Ақмола облысында - 24%, Павлодар облысында - 17%, Шығыс Қазақстан облысында - 14%, Қарағанды облысында - 9%, Алматы облысында - 1% қолданылған. Үстіміздегі жылы да осылай болады", - деп түсіндірді ол.

"Сонымен бірге, ылғал қорын сақтау технологиясының бөлінбес бөлшегі химиялық жолмен өңделетін бу болып табылады. Алайда, оның үлесі тым аз - өткен жылы республикада химиялық жолмен бу алаңдарының 24 пайызы өңделген. Ол Ақтөбе облысында тек 7 пайыз, Қостанай облысында - 6,7 пайыз, ал Батыс Қазақстан облысында - 2,7 пайызды құраған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны