04.10.2007, 17:03 3038

Қазақстанның Астық одағы нан бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдауға әзір

Қазақстанның Астық одағы нан бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдауға әзір


Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Астық одағының өкілдері бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар қабылдауға әзір екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстанның премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "нан өнімдерінің кейбір түрлеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі астық экспорттаушыларды бірлесіп нақты шаралар әзірлеуде сындарлы ынтымақтастыққа және бірлесіп нақты шаралар қабылдауға, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі міндеттемені орындауға шақырды".

"Өз кезегінде Қазақстан Астық одағының өкілдері нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдауға және белсенді ынтымақтасып жұмыс істеуге толық дайын екендіктерін жеткізді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Олар сондай-ақ "астық өндірмейтін және ұн тартатын наубайханаларымен жабдықталмаған өңірлерді ұнмен әрі астықпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетін болады",- деп қосты.

Қазақстан Астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев, "Алматы қаласында 10 мың тонна астық қабылдап алынғанын" хабарлады, және де астық пен ұнды белгіленген бағамен Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына жеткізу туралы келісім-шарт жасасуға әзір екенін айтты.

Кеңестің соңында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы мен Қазақстан Астық одағының ресурсы есебінен астық пен ұнды қажет ететін обылстарды қамтамасыз ету жөнінде тез арада келісім-шарт жасау туралы шешім қабылданды. "Жергілікті органдар өздері тарапынан нан зауыттары мен бөлшек сауда жүйесіне қатаң бақылау жасауы тиіс" деп қорытты кеңесті К. Мәсімов.

Кеңеске астықты экспорттаушы ірі кәсіпорындардың жетекшілері, парламент мәжілісінің депутаттары, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының, ұлттық темір жол тасымалының, Қазақстан Астық одағының өкілдері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Жағдайға жалпы бақылау жасау міндеті Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовке жүктелді. "Жергілікті органдар өздері тарапынан нан зауыттары мен бөлшек сауда жүйесіне қатаң бақылау жасауы тиіс",- деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны