29.01.2015, 14:38 4783

Қазақстанныӊ әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теӊгені құрайды

Қазақстанныӊ әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теӊгені құрайды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметініӊ брифингінде "Airport Management Group" компаниясыныӊ Бас директоры Клод Бадан мәлім етті

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теӊгені құрайды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметініӊ брифингінде "Airport Management Group" компаниясыныӊ Бас директоры Клод Бадан мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанныӊ әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теӊгені құрайды. Оныӊ 62 млрды-ы техникалық қажеттілікке жұмсалса, 105 млрд - әуежайларды дамытуға бағытталады. 2030 жылға дейін инвестиция көлемі 22,8 млрд-ты құрайтын болады", - деді Бадан, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

AMG бас директоры хабарлағандай, 2014 жылы компания ұшу қауіпсіздігін бағалау бойынша зерттеу жүргізді.

"Жолаушылардыӊ жайлылығын арттыру үшін болашақта Астана, Қызылорда, Петропавл, Қостанай әуежайларыныӊ инфрақұрылымын дамытып,ұшу-қону алаӊдарын, жолаушылар терминалын жаӊғырту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылады", - деді ол.

Айта кетерлігі, аталмыш жобаларды жүзеге асыру тұрғындардыӊ әуе көлігіне сұранысын қанағаттандырып, аймақтарды елордамен жалғайды, тұрғындардыӊ қатынасыныӊ жеделдігін арттырады, өӊірлердегі жұмыссыздықты азайтады. Оныӊ сыртында, әуекомпаниялардыӊ аймақтардағы әуежайлардыӊ бағдарлар желісін дамытып, ішкі және халықаралық рейстерді ұлғайту көзделеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны