18.12.2012, 12:29 2953

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін сауда-логистикалық желі құрылады

Ол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін уақыт пен қаржыны үнемдей отырып тасымалдады, сақтауды және сатуды іске асыруға болады, деп хабарлады "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметінен.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін сауда-логистикалық желі құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін уақыт пен қаржыны үнемдей отырып тасымалдады, сақтауды және сатуды іске асыруға болады, деп хабарлады "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметінен.

"Өнімдерді тасымалдау мен сату мәселесін шешу үшін фермерлер сауда-логистикалық желі (логистикалық хаб) жүйесін енгізуде. Бұл хабтың міндеті өз автокөлігімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін әділетті бағамен сатып алып, алып кету, оны өзінің қоймаларында сақтау және сауда жүйелерімен компьютерлендірілген тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыру", - делінген холдингтің хабарламасында.

Кең көлемді тиімділігі арқасында хаб шығынды азайтып, өнімдерді сатып алу мен сату ырғағын (кепілділігін) қамтамасыз ететін болады деп атап өтілген.

Сонымен қатар, логистикалық хабты құру Астананың Азық-түлік белдеуін қалыптастыруда көкейкесті және тиімді шара болып табылады. Оның аясында бүгінде 42 жоба жүзеге асырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны