09.03.2011, 14:48 4388

Қазақстанның АВҚ ақпан айында 6 пайызға өскен

Қазақстанның АВҚ ақпан айында 6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның АВҚ ақпан айында 6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ақпан айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 32,9 миллиард долларға немесе 7,5 пайызға ұлғайған. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Ішкі валюта нарығында валютаны сатып алу, Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялармен ішінара бейтаратандырылды.

Сонымен қатар, Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар төмендеді. Соның нәтижесінде ақпанда таза валюта активтері 7,7 пайызға, алтындағы активтер 5,7 пайызға ұлғайды.

Григорий Марченконың айтуынша, елдің халықаралық резервтері ақпанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 6 пайызға өсіп, 66,4 миллиард доллар болды. Ал жыл басынан бергі өсім 12,7 пайызды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны