24.02.2009, 16:53 3094

Қазақстанның банктері мен құрылыс компаниялары 15 сәуірге дейін құрылыс саласын қаржыландыру көлемі мен тетіктерін анықтайды

Қазақстанның банктері мен құрылыс компаниялары 15 сәуірге дейін құрылыс саласын қаржыландыру көлемі мен тетіктерін анықтайды

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның банктері мен құрылыс компаниялары 15 сәуірге дейін құрылыс саласын қаржыландыру көлемі мен тетіктерін анықтайды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстанның банктері мен құрылыс компаниялары 15 сәуірге дейін әрбір тұрғын үй кешенін қаржыландыру көлемі мен тетіктерін анықтайды деп жоспарлап отырмыз. Банктерге тиісті сұранымдарды қалыптастыру жөнінде сұрау салынды. Бүгін аталған банктерге 120 млрд теңге көлеміндегі қаржыны құю жұмыстары басталды. Аптаның аяғына дейін осы бағдарлама бойынша қаражат банктерге жетеді", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны