01.06.2009, 11:27 1747

Қазақстанның барлық облыстарында бірдей әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру есептері лайықты жасалмаған - премьер

Қазақстанның барлық облыстарында бірдей әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру есептері лайықты жасалмаған - премьер

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанның барлық облыстарында бірдей әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру есептері лайықты жасалмаған. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бізге қанша ресурс қажет екенін мұқият қарау қажет. Өйткені, мен өткен аптада облыстарды аралап шықтым, барлық жерлерде бірдей есептердің лайықты жасалмағаны анықталды", - деді Кәрім Мәсімов вице-премьер Ербол Орынбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

"Ақшаны босқа жібермеу үшін қазір өңірлерге арналған қаржыны қайта қарап, қаражаттты артықша қажетсінетін жаққа қарай бағыттау керек", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықоваға келесі селекторлық кеңеске кейін "жол картасын" жүзеге асыруға қатысты жаңа мәліметтерді дайындауды тапсырды. "Жаңа ғана барлық әкімдер осы аптада барлық әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аяқталады деп хабарлады. Сол себепті келесі дүйсенбіде сіз қандай ілгерілеушілік болғаны жөнінде ақпаратты бересіз, сөйтіп біз ахуалды айқын білетін боламыз", -деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде Г. Ибдіхалықова еске салғандай, "жол картасын" жүзеге асыруға 140 млрд теңге бөлінген". "Мақсатты топтарға қамтылатын тұлғалардың аясы кеңейтілді. Илеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі 4 -тен 6 айға дейін ұлғайтылды", - деді ол.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, "барлық деңгейдегі мәслихаттар жергілікті бюджеттерді нақтылады, "жол картасын" тең қаржыландыруға 51,3 млрд теңге бөлінді".

Оның сөзіне жүгінсек, "қол қойылған келісімдерге сәйкес мамырдағы қаржыландыру жоспарына сай облыс және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жөндеу жұмыстарына деп 146 млрд теңге, 324 млн теңге - әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және жастар тәжірибесіне, 334 млн теңге - мамандарды қайта дайындау мақсаттарын жүзеге асыруға трансферт түрінде бөлінді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны