04.02.2009, 18:11 4342

Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары көп - Кәрім Мәсімов

Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары көп - Кәрім Мәсімов

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары көп. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізбен көрші елдер : Ресей, Украина мен Беларусь өз валютасын біршама үлкен көлемде девальвациялады. Бізбен бірдей өнімдерді экспортқа шығаратын елдер: Канада мен Австралия 26 - 27% девальвация жасады. Ал бізде ол шамамен 23% құрайды. Сол себепті мен Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары көп деп санаймын. Қазіргі ең бастысы - біздің қоғамда тұрақтылықтың болуы, кәсіпорындардың жұмыс қабілетінен айрылмауы. Мен мұның бәрін қамтамасыз ете аламыз деп ойлаймын", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны