03.09.2012, 15:54 3137

Қазақстанның БЭК-тен тысқары сыртқа шығарылған экспорттық өнім көлемі 13,5 пайызға, ал импорты 38 пайызға артты

Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістіктен тысқары сыртқа шығарылған экспорттық өнім көлемі 13,5 пайызға, ал импорты 38 пайызға артты.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның БЭК-тен тысқары сыртқа шығарылған экспорттық өнім көлемі 13,5 пайызға, ал импорты 38 пайызға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістіктен тысқары сыртқа шығарылған экспорттық өнім көлемі 13,5 пайызға, ал импорты 38 пайызға артты.

Бүгін 5-ші шақырылған Парламенттің екінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Сөз арасында Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің біртұтас экономикалық кеңістік аясында бірігу үрдісіне тоқталған Елбасы, үшжақты келісімшарттардың күшіне енуге сеніммен қадам басқанын айтты. Еуразия экономикалық комиссиясының табысты жұмыс істеп келе жатқанына да тоқталды. "Комиссияның мәліметтеріне жүгінсек, биыл Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістіктен тысқары сыртқа шығарылған экспорттық өнім көлемі 13,5 пайызға, ал импорты 38 пайызға артқан. БЭК ішіндегі өзара сауда-саттық 13 пайыздан артты. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жолындағы келіссөздері де сөреге жақындап келеді. Бұл біздің экономикамызға көптеген өзекті міндеттер жүктейді", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, мұндай міндеттер қатарында заңнамалық базаны жетілдіру мәселесі де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны