16.01.2008, 10:55 1399

Қазақстанның бизнес-қауымдастықтары кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді ұсынды

Қазақстанның бизнес-қауымдастықтары кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді ұсынды

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның бизнес бірлестіктерінің өкілдері кәсіпкерлік қызметті реттейтін кейбір нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов кәсіпкерлік қоғамдастықтардың өкілдерімен жиналыс өткізген.

"Кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Кәсіпкерлердің бастамалары шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттің тікелей қаржылық көмегі, аталмыш қаражатты пайдалану механизмі, сондай-ақ, дамудың басымдыққа ие бағыттары салаларына қатысты болды", - деді баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, "Атамекен" одағы қаржылық көмектің жанама шараларын қолдануды ұсынып отыр.

"Атамекен" үкіметтің монополистердің қызметіне тарифтердің өсуін тежеудегі іс-әрекетін толығымен қолдайды. Премьер-министрдің мұндай оқиғаларға жолбермеу туралы талаптары кәсіпкерлер арасында қолдауға ие болды", - деді "Атамекен" төрағасы Азат Перуашев.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторларды жою шаралары да қарастырылды.

Қорытындылай келе К. Мәсімов кездесушілерге алғыс айтып, ұсыныстардың көбісі жұмысқа енгізілетінін атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 6-желтоқсанында премьер кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті қажетті мемлекеттік қолдау шараларының тізімін жасап, осы жылдың 15-қаңтарына дейін енгізуді өтінген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны