05.06.2014, 19:47 4631

Қазақстанның болашағы жаһандық экономикадағы интеграциямен байланысты -М. Ишімбаев

"Тәуелсіздік жылдары ішінде 180 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Қазақстанның болашағы жаһандық экономикадағы интеграциямен байланысты. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құруда жаһандық әлеммен тығыз араласуымыз қажет", - деді депутат.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанның болашағы жаһандық экономика интеграциясымен байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Ишімбаев мәлімдеді.

"Жалпы, Еуразиялық экономикалық одаққа баға бере отырып, біз әлемдік деңгейдегі жаһандық трендер түсінігін ұғынуымыз қажет. Өзге елдермен ынтымақтастықтың ашықтығы жаһандық трендке айналуда. Барлық ел аймақтық және жаһандық дәрежеде елдерін дамытуға ниетті", - деді М. Ишімбаев.

Ол атап өткендей, ашықтық саясатының арқасында Қазақстан өз көршілерімен жақсы қарым-қатынасты ұстанып отыр.

"Тәуелсіздік жылдары ішінде 180 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Қазақстанның болашағы жаһандық экономикадағы интеграциямен байланысты. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құруда жаһандық әлеммен тығыз араласуымыз қажет", - деді депутат.

М. Ишімбаев атап өткендей, ЕАЭО - бұл Қазақстан стратегиясының бөлігі, әлемдік жаһандық экономикадағы ашықтық пен интеграция.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны