27.01.2014, 19:12 5612

Қазақстанның даму банкі бизнесті коммерциялық банк арқылы қаржыландырады

Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қолдау аясында "Қазақстанның даму банкі" АҚ ЕДБ қаржыландыру (банкаралалық несиелендіру) бойынша алғашқы келісім шартқа отырды. Бұл туралы ҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қолдау аясында "Қазақстанның даму банкі" АҚ ЕДБ қаржыландыру (банкаралалық несиелендіру) бойынша алғашқы келісім шартқа отырды. Бұл туралы ҚДБ баспасөз қызметі хабарлады.

" "Қазақстанның даму банкі" АҚ "Қазкоммерцбанк" АҚ мен банкқа қарыз беру туралы келісімшартқа отырды. Келісім бойынша ҚДБ Казкоммерцбанкке жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 2 млрд. теңгені несиеге берді. Құжатқа ҚДМ Басқармасы төрағасының орынбасары Дәулетхан Қилыбаев және Казкоммерцбанктың басқарушы директоры Иділ Батырбеков қол қойды. Уағдаластыққа байланысты, қомақты қаржы нақты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін және негізгі капиталды үлкейту үшін берілетін болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама туралы 2013 жылдың желтоқсан айында алғаш хабарланған болатын. Бағдарламаның мақсаты ЕДБ қаржыландыру арқылы бизнеске қажетті арзан қаражатты ұзақ және қысқа мерзімге беру. ҚДМ өзінің мәртебесіне орай, елдегі банктермен салыстырғанда жоғары рейтингке ие. Сондай-ақ, ол, тиімді шарттармен сырттан және ішкі сектордан қаржы тарта алады. ҚДБ комерциялық банктерге жылдық 7,9% пайыздық үстемақымен несиеге қаржы береді. Ал, банктер өз кезегінде бизнес субъектілерін несиелендіреді. Айта кетерлік жайт, ҚДБ комерциялық банктерге бизнес үшін қаржыны жылдық 11,5% пайыздық үстемақымен (несиелендіру бойынша орташа нарықтық үстемақы - 13% құрайды) бересіздер деп шарт қойған.

Бірінші кезеңде банк 45 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қарыз көлемі 500 млн-нан 4,5 млрд теңгеге дейін. ҚДБ, бірінші кезекті, 4,5 млрд теңгеден басталатын ірі индустриялды және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

ЕДБ бөлімшелік желілері дамуын ескере отырып бағдарлама барынша көп жеке кәсіпкерлік субъектілерін қамтуға мүмкіндік бермек. Коммерциялық банктер ҚДБ-дан алған қаражаттың несиелік қорына бағытталады. Олар маңызды әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар экономиканың басым бағыттарындағы секторлардағы жобаларға бөлінеді. Осылайша жаңа жұмыс орындары ашылып, шикізаттың өндірістегі өнім көлемін арттырып, отандық кәсіпкерліктің экспорттың әлеуетін арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны