24.01.2008, 09:29 1956

Қазақстанның ДСҰ-на енуі бойынша келіссөздер бірінші жартыжылдықта аяқталуы мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі

Қазақстанның ДСҰ-на енуі бойынша келіссөздер бірінші жартыжылдықта аяқталуы мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі

Астана. 24-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі бойынша келіссөздер биылғы жылдың бірінші жартысында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында министр Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің мақсатымыз Қазақстанның ДСҰ-на енуі. Сондықтан, биыл Қазақстанның осы ұйымға енуі бойынша барлық екі жақты келіссөздерді аяқтау және осы міндет бойынша көпжақты келіссөздерді аяқтау мақсатында сәуір айында Қазақстанның ДСҰ-на ену бойынша жұмыс тобының 10-отырысын өткізу жұмыстары жалғасады", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның айтуынша, бұдан өзге, биыл Қазақстанға нарықтық экономикадаға ел дәрежесін беру үшін Еуроодақпен келісімге келу қажет. "Сонымен бірге, өндірушілердің саналы протекционизмі мен тұтынушылардың мүддесін қорғау мәселелерін қамтыған кедендік тариф саясатын жүргізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз", - деп толықтырды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны