10.07.2015, 14:54 3646

Қазақстанныӊ ДСҰ-на енуі еӊбек өнімділігін арттыруға және шығындарды қысқартуға көмектеседі - В.Тельнов

Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі Қазақстанныӊ бірқатар ішкі экономикалық мәселелерін шешуге, оныӊ ішінде еӊбек өнімділігініӊ артуына және шығындарды қысқартуға көмектеседі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтыныӊ экономикалық зерттеулер бөлімініӊ меӊгерушісі Владимир Тельнов

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі Қазақстанныӊ бірқатар ішкі экономикалық мәселелерін шешуге, оныӊ ішінде еӊбек өнімділігініӊ артуына және шығындарды қысқартуға көмектеседі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Еуразиялық интеграция институтыныӊ экономикалық зерттеулер бөлімініӊ меӊгерушісі Владимир Тельнов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанныӊ ДСҰ-ға енуі бірқатар ішкі экономикалық мәселелерді шешуге, еӊбек өнімділігініӊ өсуіне және шығындарды қысқартуға, қазақстандық өнімдердіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі", - деді В.Тельнов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сарапшыныӊ мәліметінше, ДСҰ-на кірудіӊ арқасында Қазақстанныӊ сыртқы экономикалық қызметі әлдеқайда тұрақты және болжамды болады.

"Қазақстанныӊ ДСҰ-на енуі кезіндегі алға қоятын негізгі мақсаттары - отандық тауарлар мен қызметтердіӊ шетел нарығындағы қолжетімділігі үшін еӊ жақсы шарттар алу, түрлі халықаралық құралдар көмегімен дауларды шешу мүмкіндігі, сырттан инвестициялар тарту, қазақстандық тауарлар мен қызметтердіӊ сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға жағымды жағдай қалыптастыру, ұлттық мүдделерді ескере отырып, халықаралық сауда ережелерін қалыптастыруға қатысу, халықаралық тауар айналымы қатысушысы ретінде ел имиджін жақсарту", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, ол ДСҰ-на енудіӊ арқасында Қазақстан қазіргі әлемдік экономикалық тәртіпке ықпалдасуын аяқтағанын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны