09.12.2008, 17:30 2778

Қазақстанның екінші деңгейлі төрт банкінің капиталын мемлекет тарапынан ұлғайту процессі 2009 жылдың наурыз айының ортасына таман аяқталуға тиіс

Қазақстанның екінші деңгейлі төрт банкінің капиталын мемлекет тарапынан ұлғайту процессі 2009 жылдың наурыз айының ортасына таман аяқталуға тиіс

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның екінші деңгейлі төрт банкінің капиталын мемлекет тарапынан ұлғайту процессі 2009 жылдың наурыз айының ортасына таман аяқталуға тиіс. Бүгін үкіметте өткен отырыста "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, үкімет дағдарысқа қарсы іс-қимыл шараларының жоспарын қабылдаған 25 қарашадан бері қор төрт банкпен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

"Аудиторлар ретінде Kpvg және Price Waterhouse Coopers таңдалды, олар аталған банктердің қаржылық ахуалын кешенді бағалайды. Бұл жұмыс 2009 жылдың ақпан айының ортасына таман аяқталады. Ал қосымша қаржы бөлу жөніндегі түпкілікті шешім осы тексерудің қорытындысы бойынша қабылданады", - деді қор басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны