30.07.2012, 15:04 3049

Қазақстанның экономикалық өсімі 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады

Алғашқы тоқсанда ТМД экономикасының өсімі 4,65 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Халықаралық қаржы институтының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз айларында әлемдік экономиканың өсімі 0,1 пайызды құраған болатын.

Алматы. 30-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның экономикалық өсімі 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуразия даму банкінің Талдау басқармасы ТМД елдеріне жасалған кезекті макромониторингіні жариялады.

Алғашқы тоқсанда ТМД экономикасының өсімі 4,65 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Халықаралық қаржы институтының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз айларында әлемдік экономиканың өсімі 0,1 пайызды құраған болатын.

ЕДБ сарапшыларының бағалауынша, экономиканың өсімі Ресейде 4,1-ден 4,9 пайызға ұлғайса, Украна, Беларусь, Өзбекстан елдерінде 6,9-дан 3 пайызға дейін баяулады. Ал Қырғызстанда минус 6,8 пайызға дейін күрт құлдырады. Қазақстанда ол 7,5-тен 5,6 пайызға дейін баяулады. Талдаушылардың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі таяудағы екі жылда 6-6,5 пайыз көлемінде болады деп болжауда. Ішкі сұраныс оның негізгі қозғаушы күші болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны