14.06.2017, 14:00 4611

Қазақстанныӊ экономикасы 2017 жылғы бес айда 4,1%-ға өсті - Сүлейменов

"Алдын ала бағалау бойынша, 2017 жылғы қаӊтар-мамырда ІЖӨ өсімі 2016 жылғы сәйкес кезеӊге қарағанда 4,1%-ды құрады", - деді ол сейсенбідегі Қазақстан үкіметініӊ отырысы барысында.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ІЖӨ-ініӊ өсімі қаӊтар-мамырда 4,1%-ды құрады, бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.

"Алдын ала бағалау бойынша, 2017 жылғы қаӊтар-мамырда ІЖӨ өсімі 2016 жылғы сәйкес кезеӊге қарағанда 4,1%-ды құрады", - деді ол сейсенбідегі Қазақстан үкіметініӊ отырысы барысында.

Инфляция жыл басынан бері (2017 жылғы мамырда 2016 жылғы желтоқсанға) 3,3%ды құрады. Жылдық инфляция 2016 жылғы мамырдағы 16,7%-ға қарсы 7,5%-ды құрады. Айлық инфляция ағымдағы жылғы мамырда 0,5%-ды құрады.

Сүлейменов келтірген деректерге қарағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,2%-ға (а.ж. қаӊтар-наурыздағы 3,1%-дан а.ж. қаӊтар-сәуірде 5,5%-ға) ұлғайды. Өсімге "Нұрлы жол" және "ИИДМБ" Мемлекеттік бағдарламаларыныӊ аясындағы индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардыӊ жүзеге асырылуы негіз болды.

2017 жылғы қаӊтар-сәуірде салалық тұрғыда ауыл шааруашылығында (26,3%-ға, 47,2 млрд. теӊгеге дейін) және жылжымайтын мүлік операцияларында инвестициялардыӊ (13,5%-ға, 251,8 млрд. теӊгеге дейін) айтарлықтай өсімі байқалады.

Халықтыӊ жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2017 жылғы қаӊтар-сәуірде 308,4 мыӊ теӊгені құрады және 2016 жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда атаулы мәнде 8,2%-ға, нақты мәнде 0,5%-ға өсті.

Жұмыссыздық деӊгейі 2017 жылғы сәуірде (бағалау) 4,9%-ды құрады.

Сүлейменов 2017 жылғы қаӊтар-мамырда өнеркәсіпте (7,8%), құрылыста (өсім 5,1%-ға), көлік саласында (3,7%-ға), ауыл шаруашылығында (2,7%-ға) және саудада (2,6%-ға) жағымды серпін байқалғандығын хабарлады.

Өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі 2017 жылғы қаӊтар-мамырда 7,8%-ға ұлғайды. Өнеркәсіптіӊ өсіміне көмір мен лигниттіӊ, мұнайдыӊ, металл кенін өндірудіӊ, мұнай өӊдеу өнімдері өндірісі мен металлургиялық өнеркәсіп едәуір әсер етті.

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде өндіріс көмір мен лигнитті 18,4%-ға, табиғи газды 10,2%-ға, түсті металл кенін 11,7%-ға, мұнайды 9,5%-ға, темір кенін 8,6%-ға өндірудіӊ өсімі есебінен 9,2%-ға ұлғайды.

Өӊдеу өнеркәсібініӊ фармацевтикалық өнімдер өндірісініӊ 36,8%-ға, тоқыма бұйымдардыӊ 29,2%-ға, азық-түлік өнімдерініӊ 8,3%-ға, мұнай өӊдеудіӊ 7,2%-ға және металлургиялық өнеркәсіптіӊ 8,0%-ға өсімі есебінен 6,8%-ға ұлғаюы орын алды. Сондай-ақ жиһаз өндіру 8,0%-ға, қағаз және қағаз өнімдері 5,6%-ға және металл емес минералдық өнім 4,5%-ға өсті.

Өӊірлерде өнеркәсіп өндірісі көлемініӊ өсімі 13 өӊірде, төмендеуі 3 өӊірде байқалады.

Өнеркәсіп өсімініӊ анағұрлым жоғары қарқыны Атырау (18,6%) және Батыс Қазақстан (14,9%-ға) облыстарында байқалады.

Өнеркәсіптіӊ едәуір төмендеуі Қызылорда облысында (2,9%-ға) тіркелді.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімініӊ өсімі мал шаруашылығы өнімдері өндірісініӊ 2,8%-ға ұлғаюы есебінен 2,7%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 5,1%-ға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны