17.06.2014, 20:20 3226

Қазақстанның экономикасы 5 ай ішінде 4,1 пайызға өсті - Е. Досаев

"Ағымдағы жылғы ақпанда теңге бағамын түзетудің нәтижесінде елде инфляциялық процестердің күшейгені байқалып отыр. Жылдың басынан бастап инфляция 4,5%-ды құрады бұл 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,1 пайыздық тармаққа жоғары", - деді Е. Досаев.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Илемдік экономикадағы қалыптасқан үрдістер елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне әкелді. Мәселен, елдің экономикасы ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Ағымдағы жылғы ақпанда теңге бағамын түзетудің нәтижесінде елде инфляциялық процестердің күшейгені байқалып отыр. Жылдың басынан бастап инфляция 4,5%-ды құрады бұл 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,1 пайыздық тармаққа жоғары", - деді Е. Досаев.

Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлесті қосты, өткен жылғы тиісті кезеңдегі 1,5%-ға өсумен салыстырғанда 5,1% -ға өсті. Бұл ретте азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,4%-ға, ақылы қызметтердің бағасы - 3,9%-ға өсті, деп атап өтті ол.

"Инфляциялық процестерді жеделдету халықтың нақты табыстарының бәсеңдеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстары нақты мәнінде 3,1%-ға өсті, ал нақты еңбекақы - 2,7%-ға өсті, бұл ішкі сұраныстың төмендеуіне ықпал етті", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны