14.06.2012, 13:32 3008

Қазақстанның электр энергетикасына 2014 жылға дейін шамамен 7 млрд доллар инвестиция құйылмақ

Қазақстанның электр энергетикасы саласына 2014 жылға дейін шамамен 7 млрд доллар инвестиция құйылмақ, бұл Индустрияландыру картасы шеңберіндегі бүкіл инвестициялардың 10 пайызы, деп хабарлады Қазақстан даму банкісінен, бұл мәліметтерді банк энергетикалық сала бойынша жүргізілген шолуға сүйеніп келтіріп отыр.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның электр энергетикасына 2014 жылға дейін шамамен 7 млрд доллар инвестиция құйылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның электр энергетикасы саласына 2014 жылға дейін шамамен 7 млрд доллар инвестиция құйылмақ, бұл Индустрияландыру картасы шеңберіндегі бүкіл инвестициялардың 10 пайызы, деп хабарлады Қазақстан даму банкісінен, бұл мәліметтерді банк энергетикалық сала бойынша жүргізілген шолуға сүйеніп келтіріп отыр.

"Энергетикалық жобаларды қаржыландырудың келешегі бар бағыттары ретінде дәстүрлі көздер -жылу және гидроэнергетика саналады. Және де энергияның жаңартылған көздерін де назарға алу керек, бұл жел және күн электр станциялары, шағын ГЭС", делінген банктің хабарламасында.

Шолуға қарағанда, 2015 жылға қарай электр энергиясын тұтыну деңгейі 100,5 млрд кВт/сағ болады деп күтілуде.

Бұл банк 2001 жылы құрылған. Банк елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал етеді, өндірістік инфрақұрылым мен экономиканың шикізаттық емес салаларында орташа және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны