20.05.2014, 21:48 3048

Қазақстанның электронды коммерциясы 2 жыл ішінде 200-250%-ға өскен - С.Кеттебеков

Қазақстанның электронды коммерциясы 2 жыл ішінде 200-250%-ға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында АКТ даму қорының директоры Санжар Кеттебеков мәлімдеді.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанның электронды коммерциясы 2 жыл ішінде 200-250%-ға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында АКТ даму қорының директоры Санжар Кеттебеков мәлімдеді.

"Электронды коммерция - қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Соңғы екі жылда аталмыш индустрия 200-250%-ға өсті. Дегенмен, бұл саланың болашағы алда. ASTEX көрмесі аталмыш үрдістен айнымай, күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге шешім іздеуге бағытталған. Біздің қазіргі пайдаланып отырған тәжірибеміз АҚШ пен Корей елдерінен үлгі ала отырып, қазіргі таңдағы ең таңдаулы үлгілердің біріне айналды. Осы тұрғыда Малайзия секілді дамушы елдердің жолы да біз үшін сабақ аларлықтай", - дейді Санжар Кеттебеков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда дамушы едердің жүйесіне ұқсас жүйе құрылды, кейбір компоненттері жетілу үстінде.

"Нарықтың мамандануы әлі де толық дамыған жоқ. Алайда негізгі іргетасы қаланды десек артық айтқандық емес. Біз қазіргі таңда Қазақстанда электронды коммерцияның алпауыттарының қызметтеріне куә болып отырмыз. Атап айтар болсақ олар ҚТЖ, Эйр Астана, электронды үкімет, Қазком мен өзге де ұйымдар. Олар алғашқы жемістерін көріп отыр. Қазіргі біздің міндетіміз - даму жолымызды айқындау", - деді ол.

"Біз аудиториядан мұндай қызығушылық туындайды деп күтпегенімізді мойындау керек. Олар Қазақстанның осы саладағы болашағына күмән келтірмейді", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны