04.09.2015, 19:30 4797

Қазақстанныӊ Энергетика министрлігініӊ басшысы В.Школьниктіӊ болжамынша ЖЖМ нарығындағы бағалар тұрақталады

АИ92/93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты отын нарығында күрт өзгеріс болуы мүмкін, бірақ сосын жағдай тұрақталады, деген болжам жасады ҚР энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - АИ92/93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты отын нарығында күрт өзгеріс болуы мүмкін, бірақ сосын жағдай тұрақталады, деген болжам жасады ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бензин бағасы қай деӊгейге дейін көтерілетіндігін ешкім де білмейді. Мүмкін литріне 140 немесе 150 теӊге болуы мүмкін, сондай-ақ литріне 142-143 теӊге деӊгейінде қалыптасуы ықтимал. Күрт өзгеріс болуы мүмкін, бірақ сосын жағдай тұрақталады деп күтілуде", - деді В.Школьник, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Жалпы, оныӊ пайымдауынша, АИ 92 бензинін қоспағанда мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты.

"Дизель отыныныӊ қорлары 300 мыӊнан астам тоннаны құрайды, егін егу және жинау қамтамасыз етіледі, қысқа дайындық жоспар бойынша жүзеге асуда, мазут та жеткілікті көлемде жеткізілуде", - деді ведомство басшысы.

"Жалғыз мәселе АИ 92, оны шешу қажет", - деп баса айтты В.Школьник.

"Біз өзіміздіӊ үш зауытта жылына 2 млн тонна өндіреміз, ал 1 млн 100 мыӊ тоннаны сырттан әкелеміз. Қазір қалыптасып отырған жағдайға сәйкес Белорусиядан, Ресейден немесе басқа жерде сатып алатын баға осында жеткізуді есепке алғанда біз белгілеген шектік бағадан әлдеқайда жоғары. Не бізде бензин жеткілікті көлемде болады, не нарықта тапшылық пен дүрлігу басталады. Жалғыз зерделі шешім қабылданды", - деп түсіндірді министр.

Отандық мұнай өӊдейтін зауыттарды жетілдіру аяқталған соӊ нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету сыртқы факторларға тәуелсіз жүргізілетін болады, деген сенім білдірді В.Школьник.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны