26.02.2009, 16:54 3334

Қазақстанның энергетикалық жүйесі Орталық Азия елдерінен ажыратылған режимде жұмыс істеуге көшті - KEGOC (толықтырылған)

Қазақстанның энергетикалық жүйесі Орталық Азия елдерінен ажыратылған режимде жұмыс істеуге көшті - KEGOC (толықтырылған)

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесі 2009 жылғы 26 ақпаннан бастап Орталық Азияның бірлескен энергожүйесімен (БЭЖ) жұмыс істеуде бөлек режимге ауысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "KECOC" АҚ хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шара жүйелік оператор ("KECOC" АҚ) тарапынан отандық тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін және Қазақстан Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылғы ақпаннан бастап Орталық Азия мемлекеттерінде электр энергиясын өндіру мен тұтынуда дисбаланстың өсу үдерісі байқалды. 2009 жылдың 26 ақпанындағы жағдай бойынша тәжік энергияжүйесінің ("Барки точик" ОАХК) жоспардан тыс пайдаланылуы 84 млн. кВтс-қа дейін жетті.

Соның салдарынан "Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік" транзитінің ОА БЭЖ-мен параллель жұмыс режиміндегі жүктемесі жоғары шектемеге (1000-1100 МВт) жетіп, бұл өз кезегінде қуаттың автоматты түрде ажыратылуы (ҚАА) оқиғаларының ұлғаюына әкеледі - тәулігіне 20-30 рет (немесе жыл басынан 403 жағдай тіркелген). Қазақстанның оңтүстігі мен орталығындағы тұтынушыларға 230-дан және 360 МВт-қа дейін шектеу қойылып, транзиттің 4 апаттық ажыратылуы анықталды.

ОА мемлекеттерінің энергия жүйелерінде қуат қорының жоқтығы жағдайында транзиттің бөлінуі жиіліктің каскадтық төмендеуіне және тұтынушылар үшін қуаттың толық ажыратылуына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған зардаптарды болдырмау мақсатында, ҚР үкіметінде шекаралар бойынша теңгерімдік иеліктерін бөле отырып, Орталық Азияның БЭЖ-мен бөлек жұмыс режиміне күні бұрын ауысу мәселесі қаралды.

"Энергия" ҮДО-ға 25 ақпаннан 27 ақпанға дейін Шу-Жамбыл-500 Л-5159/5143 жөндеу қосқыш құрылғысын қосуға тапсырыс жіберілді, бұл көрші республикалардың энергожүйесімен бөлек жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық Азияның БЭЖ-не ағымдағы күзгі-қысқы максимумнан (КҚМ) өтуге Сырдария, Вахш өзендерінің бассейніндегі су шаруашылығының жағдайы әсер етіп отыр.

Қайраққұм су қоймасының деңгейі 2008 жылы 3,5 текше шақырым болған болса, биылғы 19 ақпанда 2,36 текше шақырым құрады. Су қоймасына келіп құйылатын тәуліктік орташа су көлемі қаңтар айында 798 м3/с құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдан 40%-ға аз. Сондай-ақ, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 18 қазан күнгі үкіметаралық хаттамамен ресімделген Өзбекстан аумағы арқылы Тәжікстанға келетін түрікмен электр энергиясының транзиті тоқтатылды. Ішкі тұтыну көлемін қамтамасыз ету үшін тәжіктер Қайраққұм және Нүрек ГЭС -теріне жүктеме қосуға мәжбүр болды. ГЭС-тің осындай жұмыс режимі сақталған жағдайда Нүрек су қоймасы наурыз айының басында "өлі" деңгейге (5,96 км3) жетпек.

Сондай-ақ Қырғызстанда 2008 жылдың қазанынан бастап су тапшылығының төтенше жағдайында тұтыну көлемін өткен жылғы деңгейге қарағанда 40%-ға дейін шектеу енгізілді. Құйылатын су көлемінің болжамдық мөлшерінде және су қоймасынан су алуға шектеме қойылғанның өзінде Тоқтағұл су қоймасының көлемі вегетациялық кезеңнің басында шашамен 6,3 км3 құрамақ, ал "өлі" деңгей 5,4 км3 мөлшерінде белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны