12.06.2008, 16:35 1700

Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары "Қазына" ТДҚ-ның дәрілік заттарды дистрибуциялау саласындағы жобасына сын айтты

Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары "Қазына" ТДҚ-ның дәрілік заттарды дистрибуциялау саласындағы жобасына сын айтты

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда фармацевтикалық іс-қызметті дамыту және қолдау қауымдастығы, Қазақстандағы фармацевтикалық фирмалардың өкілдіктерінің қауымдастығын біріктіретін Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" ТДҚ-ның мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды дистрибуциялаудың концессияға негізделген біртұтас жүйесін құру туралы жобасына сын айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстанда фармацевтикалық іс-қызметті дамыту және қолдау қауымдастығының төрайымы Зурият Сыбанқұлованың айтуынша, фармацевтикалық қоғамның өз балама пікірі бар. "Бұл жоба - денсаулық үшін күрес емес, нарық үшін күресті айшықтайды, ал оны жүзеге асыру дәрімен қамтамасыз етудің қордаланған тауқыметтерін толық шешуге мүмкіндік бермейді", -деп санайды сала өкілдері.

"Біздіңше, бұл жоба аса қымбатқа түседі. Егер мемлекет медикаменттерді емдеу мекемелеріне $300 млн қаржыға сатып алса, бұл жерде 10 - 15%-ын концессионер алады, бұл жылына шамамен $45 млн тең. 10 жылда концессионер $400 млн табады, бірақ ол осы жобаға біршама аз ақша, $100 млн жуық қаржы жұмсайды", - деді З. Сыбанқұлова.

Оның айтуынша, мұндай схемамен мемлекеттік бюджеттен ауқымды қаржы жұмсалады. "Біздің пікірімізше, бұл таза коммерциялық жоба. Бұл жоба монополия жасайды. Ал осы монополия жағдайды жақсартуға, сапалы дәрімен дер кезінде қамтамасыз етуге алып келмейді", - деді З. Сыбанқұлова.

"Біз халықты және емдеу мекемелерін дәрі-дірмекпен қамтамасыз етудің балама үлгісін, мәселені шешудің шығынсыз жолын ұсынғымыз келеді", -деп мәлімдеді қауымдастық төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны