10.05.2012, 16:06 3045

Қазақстанның халықаралық резервтері 86 млрд. долларға ұлғайды

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таза валюта қорлары 10 пайзыға, ал алтындағы активтер 1,7 пайызға өсті. Ұлттық қордың алдын ала деректері бойынша 51,0 млрд. долларлық шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 86 млрд. долларға дейін 6,8 пайызға ұлғайды.

Алматы. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның халықаралық резервтері 86 млрд. долларға ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәуірде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 35,0 млрд. АҚШ долларына дейін жетіп, 8,5 пайызға өсті. Таза халықаралық резервтері 8,6 пайызға ұлғайып, 34,5 млрд. долларды құрады.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таза валюта қорлары 10 пайзыға, ал алтындағы активтер 1,7 пайызға өсті. Ұлттық қордың алдын ала деректері бойынша 51,0 млрд. долларлық шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 86 млрд. долларға дейін 6,8 пайызға ұлғайды.

Сәуірде сондай-ақ, ақша базасы 6,3%-ға кеңейіп, 3490,2 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3170,7 млрд. теңгеге дейін 8,3 пайызға кеңейді. Наурызда ақша массасы 10293,1 млрд. теңгеге дейін 3,8 пайызға, ал жыл басынан бастап 5,6 пайзыға өсті.

Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1,3 пайзыға ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттер 8985,3 млрд. теңгеге дейін 4,2 пайызға ұлғайды. Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі ақпандағы 87-ден наурызда 87,3 пайызға ұлғайды. Депозиттердің өсуінің айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда анағұрлым жоғары қарқыны депозиттер үлесі өсуінің негізгі себебі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны