17.01.2007, 10:41 1613

Қазақстанның халықаралық резервтері қаңтардың алғашқы жартысында 3,8 процентке өсті

АЛМАТЫ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалармен) Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 14 602,6 млн. доллар) 2007-жылдың қаңтарында 34 456,9 млн. доллар болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда 3,8%-ға өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық резервтері (Ұлттық қордың ақшасын есепке алмағанда) және ақша базасы 2007 жылғы 15 қаңтарда мынадай болды: Халықаралық таза резервтер ағымдағы бағамен 19 847,0 млн. долл., тұрақты бағамен 19 893,8 млн. долл., оның ішінде еркін айналмалы валютадағы таза активтер ағымдағы бағамен 18 517,5 млн. долл., ақша базасы ағымдағы бағамен 1 435,1 млрд. теңге болды.

2007 жылғы қаңтардың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағада 3,9%-ға (немесе 737,8 млн. долларға) өсті.

Ұлттық банктің ішкі валюта нарығында валюта сатып алуы және үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі валюта қорларының ұлғаюына әкеп соқты. Ұлттық қордың активтерін алтын-валюта резервтерінің шоттарынан толықтыру бойынша операциялардың көлемі және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар шамалы азайды.

Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 784,6 млн. долларға ұлғайды, алтынның әлемдік нарықтағы бағасының 3,40%-ға төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 46,8 млн. долларға төмендеді.

2007 жылғы қаңтардың бірінші жартысында Ұлттық Банктің таза ішкі активінің төмендеуі (Үкіметтің шоттарындағы ақшаның ұлғаюы) ақша базасының 4,4%-ға (немесе 66,4 млрд. теңгеге) сығымдалуына себеп болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны