17.06.2008, 19:12 2862

Қазақстанның халықаралық резервтері маусымның бірінші жартысында 2,2% өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері маусымның бірінші жартысында 2,2% өсті

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның халықаралық резервтері маусымның бірінші жартысында 2,2% өсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 25 168,7 млн доллар) 46 538,2 млн доллар болып, өткен айға қарағанда 2,2% өсті".

2008 жылғы маусымның бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,5 %-ға (немесе 105,9 млн долларға) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу бойынша операциялар, үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 71,8 млн долларға азайды, әлемдік нарықтардағы бағасының 1,8% төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 34,1 млн долларға азайды.

2008 жылғы маусымның бірінші жартысында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 8,1%-ға (немесе 137,9 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны