07.09.2007, 12:10 2800

Қазақстанның халықаралық резервтері тамызда 4,5 %ке азайды

Қазақстанның халықаралық резервтері тамызда 4,5 %ке азайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7-қыркүйек. АЛМАТЫ. Елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалармен) Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 18 356,1 млн. долл.) қоса есептегенде 29-тамыздағы жағдаймен тұтастай алғанда 4,5 %ке азайып, 39 611,6 млн. доллар болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы тамызда Ұлттық банктің халықаралық резервтері азайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 9,3 %-ке, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 9,8%-ке азайса, алтындағы активтері өзгерген жоқ.

Ішкі валюта нарығында валюта сату және Қаржыминінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу үкіметтің шоттарына валюталардың түсуімен және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен бейтараптандырылды, бұл таза валюта қорларының (ЕАВ) 2159,4 млн. долларға азаюына алып келді.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Ұлттық Банктің ішкі таза активтерінің 2007-жылғы тамызда өсуі ақша базасының 3,2 % (немесе 54,7 млрд. теңгеге) ұлғаюына себепші болды. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 9,2 % (немесе 2163,7 млн. долл.) кеміді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны