05.01.2007, 11:21 2969

Қазақстанның халықаралық резервтері желтоқсанда 16,8 % өсті

АЛМАТЫ. Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда (ағымдағы бағамен) яғни, Ұлттық Қордың ақшасын (алдын-ала деректер бойынша - 14 039,1 млн. долл.) қоса алғанда 33 089,0 млн. долл. болды. Өткен айда өсуі 16,8 % болды.Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері (Ұлттық Қордың ақшасын ескермей) және ақша базасы 2006 жылғы 29 желтоқсанда мынадай болды: таза халықаралық резервтер ағымдағы бағамен 19 046,2 млн.долл., тұрақты бағамен 18 781,4 млн.долл., ақша базасы 1 501,5 млрд. теңге құрады.

2006 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 26,2%-ға (немесе 3 959,8 млн. долл.) өсті.

Бір ай бойы Ұлттық қордың активтерін толықтыру және алтын-валюта резервтерінің шотынан қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялардың жүргізілуіне қарамастан, Ұлттық банктің ішкі валюта нарығында валюта сатып алуы, Ұлттық банктегі үкіметтің шотына валютаның түсуі және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың көбеюі валюта қорларының ұлғаюына әкелді.

Осылайша, таза валюта қорлары (ЕАВ) 3 911,5 млн. долл. өсті, алтынмен активтер - жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 0,42% көбеюі нәтижесінде 48,3 млн. долл. көбейді.

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 26,7%, ЕАВ-мен таза активтер - 28,4%, алтынмен активтер - 4,1 % өсті.

2006 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 27,1%-ға (немесе 319,9 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны