19.07.2011, 15:15 3686

Қазақстанның химия саласындағы кәсіпорындары Еуропа мен Америкаға 10 млн АҚШ долларының өнімін сататын болды

"Маусымның 22 - 24 аралығында Украинаның Одесса қаласында өткен Тоғызыншы Шығыс Еуропа конференциясының және тыңайтқыштар бойынша FMB жәрмеңкесінің нәтижелері бойынша Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындары "ҚазАзот" ЖШС мен "ҚазФосфат" ЖШС өз өнімдерін Еуропа мен Америка нарықтарына шығару туралы келісімдерге қол жеткізді", - деп көрсетілген жарияланған хабарламада.

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның химия саласындағы кәсіпорындары Еуропа мен Америкаға 10 млн АҚШ долларының өнімін сататын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Экспорт және инвестиция жөніндегі KAZNEX INVEST ұлттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Маусымның 22 - 24 аралығында Украинаның Одесса қаласында өткен Тоғызыншы Шығыс Еуропа конференциясының және тыңайтқыштар бойынша FMB жәрмеңкесінің нәтижелері бойынша Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындары "ҚазАзот" ЖШС мен "ҚазФосфат" ЖШС өз өнімдерін Еуропа мен Америка нарықтарына шығару туралы келісімдерге қол жеткізді", - деп көрсетілген жарияланған хабарламада.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, "ҚазАзот" ЖШС биылғы күзден бастап аммиак селитрасын Болгария, Литва, Польша және Оңтүстік Америкаға сатуды жоспарлап отыр. Бұл ретте KAZNEX INVEST агенттігі Оңтүстік Америка елдерінде Ресей мен Украинада өндірілген селитраны әкелуге қазіргі уақытта тыйым салынып отырғанын атап көрсетіп отыр.

"Қазфосфат" ЖШС өнімі аммофос та биыл Румыния, Чехия, Литва, Болгария, Польша, Сербия және Украина елдеріне жол тартады. Сонымен қатар, Arvi Agro (Литва) компаниясымен келіссөздер қорытындысы бойынша "Қазфосфат" негізінде өндірістік көлемі айына 15 - 20 мың тонна болатын азот-фосфор-калий тыңайтқыштарының өндірісін құру жобасы талқылануда.

KAZNEX INVEST мәліметтеріне сәйкес, "ҚазАзот" ЖШС мен "Қазфосфат" ЖШС жоспарлаған келісімшарттар сомасы 10 млн АҚШ долларына теңестіріліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны