27.03.2007, 13:08 3435

Қазақстанның ІІІ инновациялық конгресі Алматыда сәуірдің аяғында өтеді

АЛМАТЫ. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның ІІІ инновациялық конгресі Алматыда 2007 жылдың 25-сәуірінде өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ құрамына кіретін Ұлттық инновациялық қордың баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараның басты міндеттерінің бірі - инновациялық процесске қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық орнату жөніндегі ақпараттық алаң болу.

Конгресс делагаттарының арасында отандық және шетелдік инвесторлар, венчурлық қорлар мен банк салаларының өкілдері, ғалымдар, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері бар. Конгреске Қазақстан, Ресей, Израиль, Еуропадан келген 250-ден астам делагаттар қатысады деп күтілуде.

Конгрестің жалпы отырысы мен "дөңгелек үстел" аясында республика экономикасы үшін венчурлық инвестицияның мәні, инновациялық инфрақұрылымдардың дамуы және ғылым мен өндірісті интеграциялау қажеттігі талқыланбақ.

Шара аясында ғылыми-техникалық зерттемелер мен жобалардың венчурлық жәрмеңкесі өтеді, онда Қазақстанда орындалған 50 жоба ұсынылмақ.

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылдың 30-мамырындағы қаулысымен жарғылық қорға мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылған. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның жалғыз акционері - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ болып табылады.

Ұлттық инновациялық қордың іс-қызметінің негізгі бағыты: Қазақстан Республикасының аумағында венчурлық қорлар құруға инвестиция тарту және инвестиция құю, шетелдік венчурлық қорлар мен инновациялық жобаларды жүзеге асыратын компанияларға, арнаулы инновациялық іс-қызмет субъектілерін құруға (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) инвестиция салу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны