19.05.2014, 19:25 8715

Қазақстанның интеграциялық үрдістерге қатысуы аса маңызды -И. Илімбетова

Қазақстан үшін барлық интеграциялық үрдістерге қатысу өте маңызды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Илия Илімбетова мәлімдеді.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан үшін барлық интеграциялық үрдістерге қатысу өте маңызды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Илия Илімбетова мәлімдеді.

"Еуразия құрлығының ортасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан секілді мемлекеттің барлық интеграциялық үрдістерге араласуы өте маңызды. Бұл бағытта біз ауқымды шаралар атқарып жатырмыз", - деді И.Илімбетова.

Оның айтуынша, 2010 жылдан бері Қазақстан Кедендік одақ аясында жұмыс істеп келеді. Осы уақыттан бері сыртқы сауда саясатының бірыңғай шаралары жүзеге асырылуда. Бұл дегеніңіз бірыңғай кедендік тариф пен терифтік емес реттеудің шаралары.

"Осы үрдістерде біз өз мүддемізді сақтай отырып кәсіпорындарды дамытуымыз керек. Осы мақсатта жұмыстар да жасалуда. 4 жыл ішінде кедендік баж салығы төлеменің көлемін өзгерту мен тарифтік емес реттеулер бойынша шаралар қабылдау ұсыныстары дайындалды. Айта кету керек, біз бұның барлығына белсенді атсалысудамыз. Кәсіпкерліктеріміз тарапынан келіп түсетін барлық ұсыныстарды біз Еуразиялық экономикалық комиссияға жөнелтеміз. Кеңес аясында барлық сауалдар қаралып, шаралар қабылданады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны