Система Orphus

Қазақстанның Инвестициялық қоры Ресейдің ағаш өңдеу комбинатының акционеріне айналды

10.06.2008, 19:02 1343

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ Ресейдің "Маклаков ағаш тілу және өңдеу комбинаты" ААҚ-ның акционеріне айналды. Бұл туралы агенттікке Қазақстанның Инвестициялық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Инвестициялық қор комбинаты жаңалау және оны Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешеніне интеграциялау жөніндегі ірі жобаның қатысушысына айналды. Бұл инвестиция Қазақстанда орман өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, Қазақстанның Инвестициялық қорының басты мақсаты - ел экономикасын әртараптандыруға септігін тигізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір қор түрлі жобаларға $6 млн - $60 млн дейін инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда, осыған байланысты "Қазақстанның инвестициялық қоры туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы жасалған, ол қазір бекітілу процессінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны