11.06.2018, 14:58 5010

Қазақстанныӊ инвестициялық қоры "Вест-Агро" нан қабылдау пунктін сатты

Бағалардыӊ өсуіне сауданыӊ қорытындысы бойынша ҚИҚ Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим с. орналасқан нан қабылдау пунктініӊ мүліктік кешенін сатты. Объектіні сату бағасы 598 339 343 теӊгені құрады, бастапқы құны - 569 508 000 теӊге.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - "Қазақстанныӊ инвестициялық қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор, ҚИҚ) "Вест-Агро" нан қабылдау пунктініӊ мүліктік кешенін сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырды.

Бағалардыӊ өсуіне сауданыӊ қорытындысы бойынша ҚИҚ Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим с. орналасқан нан қабылдау пунктініӊ мүліктік кешенін сатты. Объектіні сату бағасы 598 339 343 теӊгені құрады, бастапқы құны - 569 508 000 теӊге. Сауда-саттық "Ақпараттық есептеу орталығы" АҚ порталында өткізілді (gosreestr.kz). Сауда-саттық жеӊімпазы "KAZMEAL" ЖШС (КАЗМИЛ) болды.

Бұл нан қабылдау пункті Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдарды өндіру және өӊдеу бойынша тігінен интеграцияланған агроөнеркәсіп кешенініӊ бөлігі болады. Құрама жемдердіӊ өндірісі үшін алаӊ бола тұра, ол жалпы алғанда облыстағы мал шаруашылығын дамытуға әсер етеді.

"Вест-Агро" нан қабылдау пункті" 2013 жылы ҚИҚ теӊгеріміне аударылған "Богви" ЖШС компаниялар тобыныӊ активтерініӊ бірі болды. Осы кезеӊнен бастап ҚИҚ мемлекеттік қаражатты қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта, өндіріп алу бойныша барлық сот-қуыным іс-шараларын өткізгеннен кейін, Қор сот шешімдерін шығарғаннан кейін алынған мүлікті сатады, ал кәсіпорындарды сауықтыру үшін - инвесторларды тартады.

Осылайша, "Богви" ЖШС-ніӊ активтерініӊ бірі - Ақмола облысындағы ет комбинаты үшін ҚИҚ кәсіпорынды жалға алып, өндірісті іске қосқан, дайын өнімді шығаруды реттеген және осы жақында ет комбинатын сатып алған "Kazbeef Ltd" ЖШС тұлғасында отандық инвесторды тартты. Сондай-ақ біз жақын арада қалған активтерді отандық инвесторларға оларды кейінгі іске қосу үшін сатуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ҚИҚ Басқарма төрағасы Ермек Сакишев.

ҚИҚ басты міндеттерініӊ бірі - бұрын өндірістік объектілерге салынған мемлекеттік қаражатты қайтару мақсатымен кейіннен сатумен проблемалық активтерді сауықтыру болып табылады.

Қазіргі уақытта "Қазақстанныӊ инвестициялық қоры" АҚ стресті активтерді бәсекелестік ортаға оларды одан әрі іске қосу мақсатында тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Қазақстанныӊ инвестициялық қоры" АҚ - ұлттық даму институты және стрестік активтерді қайта құрылымдау және басқару саласындағы басқарушы компания. Қор "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ еншілес ұйымы болып табылады.

Қазақстанныӊ инвестициялық қорыныӊ

Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны